«Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жаңа маусымға арналған жарыс кестесі белгілі болды

0
95

«Astana Qazaqstan Team» велоұжымы Испанияның Алтеа қаласында алдағы маусымға арналған оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Велошабандоздар 2022 жылғы маусымды Испания және Португалияда өтетін жарыстардан бастамақ.

Велокоманданың жаңа маусымға арналған жарыс кестесі төмендегідей:

• «Джиро д’Италияға» – Мигель Анхель Лопес, Винченцо Нибали және Давид Де Ла;
• «Тур де Франсқа» – Алексей Луценко, Нибали, Лопес және Джанни Москондар;
• «Испания Вуэльтасына» – Давид Де Ла Крус;
• «Хаэн Параисо Интериорға» – Алексей Луценко;
• «Валенсия Вуэльтасына» – Винченцо Нибали;
• «Солтүстік классикалық жарыстарына» – Джанни Москон қатысады деп жоспарлануда.

Айта кететіні, биыл елордалық велокоманданың құрамы бірқатар тәжірибелі велошабандоздармен толықты. Олар алдағы маусымда әлемдік велододаларда бақ сынайтын болады.

«Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ