«Кеудемсоқтық емес, кез келгені шықсын». Тұрсынғалиев титулды жекпе-жегінің мән-жайын айтты

0
Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне титулды жекпе-жегінің мән-жайы туралы айтып берді. 

Мұның алдында 24 жастағы қазақстандық боксшы WBA International белбеуі үшін жұдырықтасатыны жайлы құлағдандырған. Жекпе-жек келесі жылы өтеді. 

«Уақытым келді». Бірегей жетістігі бар Тұрсынғалиев WBA белбеуі үшін жұдырықтасатынын құлағдандырды

— Жекпе-жек 1 наурызда өтеді. Ол Атланта немесе Майамидегі бокс кешінің басты кездесуі болады дейді. Әзірге қарсылас белгісіз. 10 жеңісі бар соңғы қарсыласым жұдырықтасудан бас тартты. Естеріңізде ме? Рубен Сервера. Сол үшін титул үшін жекпе-жек болмай қалды. 

— Қауіптене ме?
— Мұндай «чемпиондар» көп, 25-0 жетістігі бар. Бір рет пуэрторикалық Джонатан Окуендаға (30-5, 19 КО) ұсынды. Ол да бас тартты. Жақсы жекпе-жек болатын еді. 

-Мықты қарсылас күтіп отырсыздар ма?
— Кез келгеніне дайынмын! Кім екені маңызды емес. Әлсіздерді таңдап жүргенім жоқ. Барлық белбеуді алғым келеді. Райан Гарсиямен жұдырықтасқанды қалар едім. Білетін боларсыздар. Бірақ ол келісе қоймас. 

— Оның рекордсы 17-0.
— Иә. «Канело» Альварес командасындағы жұлдыз. Титул үшін осы жекпе-жектен кейін жұдырықтасуға шақырғым келеді. Көреміз, келісе ме, жоқ па. 

— Өршіл екенсіз. Бәрі қолдан келеді деген үміттемін. 
— Бұл әрине, ешқандай да кеудемсоқтық емес. Жұдырықтасып көтерілуге болатын кезде айналшықтап жүрудің не қажеті бар. Ол жігіттер менен еш артық емес. Немесе басқалардан. Ерекше ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Мысалы мына жігіт. Ол талантты және жылдам, бірақ, оны жеңуге болады. Бірақ ол жекпе-жектен бас тартатынын білемін. Golden Boy компаниясының өз жоспары бар. 

Еске салайық, Тұрсынғалиев кәсіпқой бокстағы карьерасын былтыр қарашада бастады. Қазақстандықтың есебінде бірегей жетістік бар: 29 күнде ол Мексикада сегіз жекпе-жек өткізді, алайда, оның алтауы ғана есептелді. Наурызда Мұса доминикандық Луис Хиножосаны (31-15, 16 КО) нокаутқа түсіріп, одан WBA-NABA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағын тартып алған. Қазақстандық бір жылда сегіз жекпе-жек өткізді: алтауы Мексикада және екеуі АҚШ-та. Алтауын нокаутпен жеңді, ал екеуін төрешілер шешімімен. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/