Мекке шатырында жүгірген балалар реніш тудырды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба Сауд Арабиясы тұрғындарының ренішін тудырды, деп хабарлайды IslamNews.

Бейнероликте балалар Қағба территориясындағы қажыларға тұрғызылған қалқа шатырына шығып, секірік жүгіріп жүргені көрінеді. Бұл бейнежазбаның қашан түсірілгені белгісіз.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары арасында әлгі видео қызу талқыға түсті. Көптеген саудиялықтар қажылардың өз балаларын бақылаусыз жібергеніне, олардың өмірлеріне қауіп төндіретін жайттарға жол бергеніне реніш білдірді.









Дереккөз: http://kazislam.kz/