«Кәсіпқой рингтегі ең мықты жекпе-жегі». Маман Елеусіновтің жұдырықтасуына баға берді

0
Британиялық boxingnewsonline.net порталының редакторы Ли Кормли Vesti.kz тілшісімен сұхбатында қазақстандық Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) никарагуалық Маркос Мохиконы (16-3-2, 12 КО) нокаутпен жеңгеніне қатысты пікір білдірді. 

Кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде қазақстандық үшінші раундта жеңіске жеткен. 

Елеусінов Қазақстан халқынан дұға етуін сұрады

«Елеусінов ерекше бір әсерлі әдістер қолданбайды, алайда, бастапқыда мұның керегі де жоқ. Хирн қауіптенгендіктен ол барынша шабуыл жасамайды. Эдди бұл жұлдызын бағалайды және қауіпке тіккісі келмейді. Соңғы жекпе-жек Елеусіновтің біраз өскенін көрсетті. Ол айтарлықтай сенімділікпен жеңді, мен қысылу мен қобалжу байқамадым. Бұл оның кәсіпқой рингтегі ең мықты жекпе-жегі. БІртіндеп оны жоғары деңгейге көтереді де, бірнеше жылдан кейін ол жұлдызға айналады деген ойдамын», — дейді Кормли.

Елеусінов осы жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде көтерілген болатын. Сонымен қоса, қазақстандық DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отыруы мүмкін деген болжамдар айтылды.