Каратеден Қазақстан чемпионаты өтеді — Спорт|26 Қараша 2018, 16:58

0

Алматы, BAQ.KZ. Қарашаның 28-30 аралығында Ақтөбеде каратеден Қазақстан біріншілігі өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

Ұлттық чемпионатқа еліміздегі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 17 спортшы қатысады деп күтілуде.
Құрама команданың үздіктері де чемпионаттан сырт қалмайды.

Ел біріншілігі аяқталған соң, ұлттық құрама жаңартылып, болашағынан үміт күттіретін жастар команда қатарына алынады.

Еске сала кетейік, биылғы маусым қазақстандық каратешілер үшін жаман болған жоқ. Азия ойындарында Гузалия Гафурова чемпион атанса, әлем чемпионатында Дархан Асаділов қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, премьер-лига кезеңдерінде Данияр Юлдашев күміс жүлде иеленді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ