«Канело» Мейвезермен қарымта талабын қойды » Vesti.kz

0
Орта салмата WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) бес салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион америкалық Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) қарымтаның шартын қойды, — деп хабарлайды «Чемпионат.com».

Боксшылар 2013 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Мейвезер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Ал ол уақытта 23 жаста болған Альварестің бұл жалғыз ғана жеңілісі. 

«Орта салмақтан төмен түсе алмаймын. Мұндай жекпе-жек болса, орта салмақта болу қажет. Алғашқы кездесуімізбен салыстырғанда ұштала түскенмін. Тәжірибе жинадым, ол кездесуде Мейвезердің тәжірибесінен ұтылдым. Бұл жолы жекпе-жек бәсекесі теңдей болады. Қазір тіс қаққан, мықты боксшымын», — леп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.

Айта кетейік, 41 жастағы Мейвезер бұрын-соңды орта салмақта жұдырықтасып көрген емес. Оның ең ауыр салмағы алғашқы ортадан аспаған — 69,9 келіге дейін.