Канело: Джейкобс — мығым әрі қиын

0

Сауль Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Мығым боксшылар немесе қиын боксшылар болады. Джейкобста аз-аздан екі стиль де бар. Ол әрі мығым, әрі қиын. Головкин — тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады. Бірақ олардың стильдері әртүрлі. Бізді қиын әрі ауыр жекпе-жек күтіп тұр, себебі Джейкобста қажетті менталитет бар. Мені қуантатыны — ол бәріне дайын. Кез келген тосқауылды бұзып өтетін табанды боксшы барда жекпе-жектер жақсы өтеді. Қарсыласым мамырда маған жақсы жекпе-жек ұсынатынына қуаныштымын, менің әр жекпе-жектен қалайтыным — осы», — деді Альварес.



Дереккөз: prosports.kz/kz