Сейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

0
169

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК орталығы сейсенбі, 26-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Батыс- Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс- Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс-Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі, Шығыс-Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz