«Канададағы ең танымал шетелдік боксшы». Сарапшы Жүкембаев АҚШ-та титулды жекпе-жек өткізетінін айтады

0
Канадалық кәсіпқой бокс сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісімен сұхбат барысында алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) болашағын сөз етті. 

«Жүкембаев биыл АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады деген ойдамын. Қазір ол Канададағы ең танымал шетелдік боксшы, сондықтан кез келген андеркартты жарасамды етеді. Оның командасы Golden Boy компаниясымен байланыста екенін білемін. Оған көз салып, бағамдап жүргенін анық.

Қазір оның карьерасында өзгерістер кезеңі басталды. Ол дивизион ауыстыру мүмкіндігіне салмақпен қарамады деген ойдамын. Егер осы жылды жоғары деңгейде өткізе алса, боксшылар элитасына кіреді. Бұл оның өзіне ыңғайлы дивизионда жұдырықтасатынын білдіреді», — деп атап өтті Поулин. 

Канадалық чемпион Жүкембаевпен жұдырықтасудан бас тартып, басқа қарсылас тапты

Мұның алдында Жүкембаев пен Eye Of Tiger Managment промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан арасында араздық пайда болғаны хабарланған еді. Дегенмен екі арадағы келісімшарт әлі күшінде.

27 жастағы Жүкембаев 2015 жылдан бері кәсіпқой рингте және барлық жекпе-жегін Канадада өткізді.

Нокаутшы Жүкембаев АҚШ-та қай чемпионмен жұдырықтасу жоспарда барын айтты

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/