Хабиб Нурмагомедовтің әкесі ұлының кіммен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап ұлының 37 жастағы Жорж Сен-Пьермен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Абдулманаптың айтуынша, Хабиб тіпті жартылай орта салмақта кездесу өткізуге дайын.
«Бұл мен әрдайым армандаған текетірес. Сен-Пьер чемпиондық белдігін тоғыз рет қорғаған және екі салмақ дәрежесі бойынша ең үздік. Біз тіпті Сен-Пьермен 74 келіде жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Тіпті, 75 келі де болады, егер, әрине, Сен-Пьерге бұл салмақта ыңғайлы болса.
Тіпті, 77 келіге де баруымыз мүмкін, сөйтіп онымен жартылай орта салмақ лимитінде жекпе-жек өткіземіз, бұл біздің салмақ дәрежеміз болмаса да», — деп келтірді «Чемпионат» Нурмагомедовтің сөзін «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, канадалық Жорж Сен-Пьер — жартылай орта салмақта UFC-дің екі дүркін бұрынғы чемпионы. Ол әлем бойынша ММА-дің ең үздік файтерлерінің бірі.