Презентацияларды құру.Безендіру шаблондары

0

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал орнату.

Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен(жүректерін ұстайды)

Ақ пейілді тілекпен(қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық(бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Бір жадырап қалайық( бір-біріне қарап күлімдейді)

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық!( бас бармақтарын көрсетеді)

Сабаққа көңілді,жағымды әсермен кіріседі. Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған.Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:

Бастау-Барлақ Бағдарламалар- MicrosoftOffice -Microsoft Power Point

                                     1-тапсырма.
“Жеке мәлімет”   Тақырып бойынша слайд құру: 
 Дескриптор:

 —   Жеке мәлімет бойынша құрады: 

  -Оны 6-сынып бумасына портполия атпен сақтайды.

                          2-тапсырма
«Менің жетістіктерім» тақырыбына  презентация құру:  

Дескриптор:

«Менің жетістіктерім» тақырыбына  презентация құрады.