Головкинмен реванш өткіземін — Дэниэл Джейкобс

0

IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңcе Геннадий Головкинмен қайта кездеседі, — деп хабарлайды Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл мен үшін тамаша сценарий, өйткені мен Головкинмен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткеніме сенімдімін. Сондықтан, мен «Канелоны» жеңген кезде, Головкинмен есепті теңестіру үшін реванш аламын», — деді Дэниэл Джейкобс lvsportsnetwork.com сайтына берген сұхбатында.

Боксшы Сауль Альварес өте мықты қарсылас екенін түсінеді, бірақ ол 4 мамырда жеңіске жету үшін өзіндегі мықты тұстарының барлығын іске қосатынын айтады. «Мен физикалық тұрғыдан одан мықтымын, бойым да биік, денем де ірі. Ол маған қарағанда әлдеқайда кішірек», — деді Джейкобс. 



prosports.kz