Головкин болашағы туралы шешімді қашан қабылдайды?
The Ring журналисң Майк Коппинджер орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Генадий Головкин мен телеәріптестер арасындағы келіссөз туралы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы аптада Головкин DAZN және PBC компанияларымен кездескен. Ал соңғы кандидат ESPN телеарнасы болып отыр.
«Дереккөздер: Геннадий Головкин кеше ESPN өкілдерімен кездесіп, өз жекпе-жектерін тек сол телеарнада трансляциялау туралы сөйлесті. Бұл осы арнамен соңғы кездесу болды. Барлық кездесу аяқталды, енді Головкин соңғы шешімін келесі аптада аятуы тиіс», — деп жазды журналист твиттерде.
Айта кетейік, шетелдік БАҚ Головкин өз промоутері Том Леффлердің қызметінен бас тартқанын хабарлаған болатын. Бірақ кейін Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарды.