Дмитрий Попко Түркияда финалға өтті

0

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Антальяда өтіп жатқан ITF сериясы аясындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз жартылай финалда Италия спортшысы Пьетро Рондониді 3:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Ақтық сында Попко америкалық Себастьян Кордамен кездеседі.



Дереккөз: prosports.kz/kz