Данияр Елеусінов Брюс Лиге ұқсай ма

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кезекті жеңісінен кейін шетелдік журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

— Сен Филадельфияда «Роккидің баспалдақтарына» бардың ба?

— Жоқ, бармадым. Фильм маған ұнайды, бірақ оған уақытым болмады.

— Ол Роккиден гөрі Брюс Лиге көбірек ұқсайды, — деп қалжыңдады Даниярдың менеджері Зия Әлиев.

— Соған көтерілу үшін таңғы алтыда тұрар ма едің? 

— Таңғы алтыда ол әуежайда болады, — деп қосып өтті Әлиев. Айта кетейік, «Рокки баспалдақтары» — Филадельфия көркем өнер музейінің үлкен есігіне апаратын ауқымды баспалдақ. Бұл орын Сильвестер Сталлоне басты рөлде ойнайтын «Рокки» фильмінің арқасында атақты болды.  

 



Дереккөз: prosports.kz/kz