«Челсидің» қақпашысы алаңнан кеткісі келмей, шу шығарды

0

«Челси» футбол клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага бас бапкері оны алмастырмақ болғанда алаңнан кеткісі келмей, шу шығарды. Ойыншысының өзін тыңдамағаны Маурицио Сарриді қатты ашуландырса керек, маман алаңнан өзі кетіп қалды..

«Челси» мен «Манчестер сити» арасындағы кездесу нағыз жанжалмен аяқталды. 

Қосымша уақыт кезінде лондондық клубтың бас бапкері жарақат алып қалған қақпашысын ауыстыруға ниеттенген. Алайда Кепа Аррисабалага өзінің алаңнан кетер ойы жоқ екенін айтып, шу шығарды. 

Өз командасындағы футболшының сөзін елемегеніне ашуланған бапкер алаңнан айқаймен өзі кетіп қалды. Алайда артынан Сарри алаңға қайта оралды. 

Қосымша уақыт аяқталған соң, ашуға булыққан бапкерді қорғаушы Антонио Рюдигер сабырға шақырмақ болды.  Италиялық маман қақпашының жанына барып сөйлеспек болғанда, оны Рюдигер жібермей қойды. Ойын «Манчестер Ситидің» жеңісімен аяқталды. Кепа бір соққыны еңсере алды.



Дереккөз: prosports.kz/kz