«Бұл денсаулыққа қауіпті». WBSS жеңімпазы Головкиннің карьерасындағы ең қаупті боксшы екені айтылды
«Смит қазір бабында, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын. Головкин шырқау шегінен өтті және бұрынғы мызғымастай қалыпта көрінбейді. Бұл жекпе-жекте олардың мүмкіндіктері тең. Одан кейін Головкин салмақ қосып, өзнен ірі жігітпен жұдырықтасады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Кездесуден кейін Головкин карьерасын аяқтауы мүмкін деген қауіп бар. Өйткені «Канелоға» қарағанда Смиттің соққылары ауыр. Сондықтан келіспес бұрын Головкинге жақсылап ойлану қажет», — дейді Смит.
Головкин мен WBA чемпионы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздер басталды
Еске салайық, мұның алдында Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер британиялық Каллум Смиттің (25-0, 18 КО) ісін жүргізетін әріптесі Эдди Хирнмен келіссөздерді бастағаны белгілі болды. Голвкин — Смит жекпе-жегі 2019 жылы «Ливерпуль» футбол клубы матчтерін өткізетін Ұлыбританиядағы «Энфилд» стадионында болуы мүмкін.
Ал әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фроч қазақстандықты мұндай қауіптен бас тартуға шақырған. Бұл көзқарасты белгілі бокс сарапшысы Ли Кормли де қолдады.
WBC «Канелоның» қорғауы мен Головкин мәселесін талқылайтын уақыт айтылды