Президент сынынан соң монополияға қарсы ведомстводан кімдер жазаланды?

0

7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Бас прокуратура анықтаған заңсыздықтар бойынша лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:

  • Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Солтүстік Қазақстаноблысыбойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Астана бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымынан босатылды. Монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды.

Еске салайық, 7 қараша күні Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, электр және жылу энергиясының қазіргі тарифтерінің түзілуіне, энергетикалық қызмет көрсету нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысын реттеу мәселесі талқыланған еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы салада бағаға қатысты ымыраластыққа және сыбайлас жемқорлыққа жол берген өкілетті мемлекеттік органдарды тексеруді тапсырды.