Бүгін Қазақстаннан 10 боксшы әлем чемпионатында рингке шығады

0
925

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың ширек финалда қай уақытта рингке шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды kznews ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Айта кетсек, жарыстың аталған сатысына ел құрамасынан 10 боксшы жолдама алды. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі. Күндізгі сессияда бес қазақстандық шаршы алаңға шығады.

Олардың шаршы алаңға шығатын уақыты төмендегіше:

18.00. Теміртас Жүсіпов (48 келі) — Нодиржоном Мирзахмедов (Өзбекстан).

18.45. Махмуд Сабырхан (51 келі) — Майкл Тринидад (Бразилия)

19.00. Саматәли Төлтаев (60 келі) — Софьян Умиа (Франция)

19.45. Абылайхан Жүсіпов (67 келі) — Чинзориг Баатарсух (Моңғолия)

20.00. Нұрқанат Райыс (75 келі) — Сальваторе Кавалларо (Италия)

Ал кешкі сессияда тағы бес қазақстандық ел намысын қорғайды.

Олардың рингке шығатын уақыты төмендегіше:

23.00. Сәкен Бибосынов (51 келі) — Юберхен Мартинес (Колумбия)

23.30. Серік Теміржанов (57 келі) — Эдуард Саввин (Ресей)

00.15. Санатәли Төлтаев (63,5 келі) — Ризо Линч (Шотландия)

00.30. Асланбек Шымбергенов (71 келі) — Юрий Захареев (Украина)

01.00. Нұрбек Оралбай (80 келі) — Владимир Мирончико (Сербия)

Күндізгі сессия елорда уақытымен сағат 18.00-де, кешкісі 23.00-де басталады.

Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.