Батыр Жүкембаев наурыз айында кезекті жекпе-жегін өткізеді

0

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) көктемде кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 «Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Мен Келесі жекпе-жегімді наурыз айында өткізетін болдым ин ша Алла! Кездесудің қай жерде болатыны және қарсыластың кім екенін жақын күндері xабарлаймыз! Қолдаударыңыз үшін үлкен рақмет!», -дейді боксшы өзінің инстаграм-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр қарсыласы Патрисио Мореноны бауыран ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтті.

Бұған дейін Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізеті хабарланды. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) немесе ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған болатын.



prosports.kz