«Барселонаның» Ла Лигадағы бір жылдық сериясы аяқталды

«Атлетик» пен «Барселона» Испания чемпионатының 23-турында есеп аша алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша, «Барселонаның» Ла Лигадағы сериясы аяқталды – команда қатарынан 37 матч бойы гол соғып келген.
Соңғы рет каталониялық клуб қарсыласына 2018 жылдың 11 ақпанында гол соға алмаған болатын. Сол ойында олар «Хетафемен» (0:0) тең түсті.
Дереккөз: prosports.kz/kz