Балуандарымыз Беларусь елінде дайындалып жатыр

0
42

Еркін күрестен ерлер ұлттық құрамасы қазір Беларусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Бұл күндері боз кілем шеберлері Қытайда өтетін Азия чемпионатына тыңғылықты әзірлік үстінде. Біріккен оқу-жаттығу жиыны Минск шаһарындағы «Стайки» спорттық базасында өтіп жатыр. Отандастырымыз жергілікті спортшылармен, одан бөлек, Мажарстан, Өзбекстан, Франция және Болгария елдерінің спортшыларымен шеберліктерін шыңдауда.

Ұлттық құрама мүшелері мұнда наурыздың 10-ынан бері жүр. Бас бапкер Әсет Серікбаев өзінің бір сұхбатында сәуір айында Қытайдың Сиань қаласында өтетін құрлықтық чемпионатта барынша сәтті өнер көрсетуді жоспарлағанын айтқан еді. Мәлім болғандай, құрама үздіктері тегіс сонда. Оның ішінде, 57 келіде Самат Қалтаев, 74 келіде Данияр Қайсанов, 86 келіде Азамат Дәулетбеков және 125 келі дәрежесінде Олег Болтин сынды шығысқазақстандық балуандар бар. Спортшылардың басы-қасында кеңесші әрі бапкер ретінде Сидней Олимпиадасының жүлдегері Геннадий Лалиев жүр.



Дереккөз: prosports.kz/kz