«Астана» төрт жылдан аса уақыт бойы «Ақтөбеден» ұтылмай келеді

«Астана» Премьер-Лиганың алғашқы туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойнап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Клубтың баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, бұл жеңіс елорда командасының «Ақтөбеге» қарсы кездесулердегі жеңіліссіз сериясын 17 ойынға дейін жалғастыруға мүмкіндік берді. Бұл ойындардың 12-де астаналықтар жеңіске жетсе, 5 кездесу тең аяқталған.
«Ақтөбе» соңғы рет «Астананы» 2014 жылы жеңген. Осылайша жеңіліссіз серия 4 жылдан астам уақытқа жалғасуда.
Дереккөз: prosports.kz/kz