Петропавлда студент қыз биіктен секіріп мерт болды: Ол өлер алдында хат жазып қалдырған — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Петропавлда өзіне қол жұмсаған бірінші курс студенті белсенді болған. Ол өз тобында староста болыпты. Бойжеткен өзіне қол салады деген ой ешкімнің ойына келмеген. Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Нұрлан Байымбетов айтып берді.

Петропавлда студент қыз биіктен секіріп мерт болды: Ол өлер алдында хат жазып қалдырған

Сурет: pkzsk.info

Бірінші курс студентінің денесі қала орталығындағы «Трио» тұрғын үй кешенінің алаңынан табылды. Қазіргі уақытта құрылыс тоқтатылған. Полицейлер қыз өзіне қол жұмсады деп топшылап отыр. Бүгінде ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағы (Өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Қыз жатақханада тұрған. 8 наурызда таңертең  сағат 9-дардың шамасында жатақханадан шығып кеткен. Содан кейін қайтып оралмады. Шығып бара жатқан кезде көңіл-күйі қалыпты болған. Тіпті, вахтерді мейрамымен құттықтапты. Ол тобында староста болған. Белсенді болып, жақсы оқыды, көпшіл еді. Тоғыз құмалақтан чемпион болды», — дейді Байымбетов.

Қазіргі уақытта суицидтің себебі анықталып жатыр. Алайда не болғанын ешкім түсіне алмай отыр.

«Оқытушылар да, студенттер де шок болды. Өлер алдында хат жазып қалдырған. Алайда онда не жазылғанын айта алмаймын. Менде ол туралы ақпарат жоқ», — дейді проректор.

19 жастағы студент қыз Астана қаласының әкімінің гранты бойынша медицина факультетінде оқып жатқан. Ол – Шымкенттің тумасы. Ата-анасы сол жақта тұрып жатыр. Отбасында 9 ағайынды екен. Кеше марқұмның туыстары оның мүрдесін алып кету үшін Петропавлға келген. Ол туған жерінде жерленеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда студент қыз 13-қабаттан секіріп мерт болғанын хабарлаған едік. 18 жастағы қыз құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz