«Астана» 180 мың еуроға алған қорғаушы клубсыз қалды » Vesti.kz

0
Словениялық қорғаушы Бранко Илич былтырдан бері ойнаған любляндық «Олимпиядан» кетті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

35 жастағы футболшы карьерасын дәл осы клубта бастаған еді, 2003 жылы алғаш рет «Копераға» қарсы ойында команда құрамында болды. Қаржылық қиындықтарға байланысты 2005 жылы «Домжалеге» ауысып, екі рет Словенияның вице чемпионы атанды. 

Сонымен бірге, ол испаниялық «Бетис», ресейлік «Москва», «Локомотив», кипрлік «Анортосис», тель-авивтік «Хапоэль», сербиялық «Партизан» сапында ойнады. 2015 жылы жазда «Астана» футболшыны белградтық клубтан 180 мың еуроға сатып алды. Сол маусымда ол Қазақстан премьер-лигасында тоғыз ойын өткізіп, ел чемпионы атанды және Чемпиондар лигасының 2015/16 маусымында 12 ойынға қатысты. 

2016 жылы қаңтарда қорғаушы жапониялық «Урава Ред Даймондс» сапына ауысты, ол кезде клубты серб Михайло Петрович жаттықтырған еді. Осыдан кейін ол 2017 жылы қайтадан «Олимпияға» оралды. 

Сонымен бірге, ол Словения құрамасы үшін 63 ойын өткізген.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/