«Ақтөбе» мен «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелеспен аяқталды

0

«Жастар» лигасында «Ақтөбе» мен «Барыс» арасында өткен матч төбелеспен аяқталды.

19 қаңтар күні кездесудің аяқталуына он минут қалғанда, мұз үстінде бірнеше рет төбелес шықты.

Салдарынан елордалық команданың ойыншылары Владислав Комаров пен Аңсар Шайхмедденов 25 минут, ал Станислав Александров — 12 минут, Хақназар Кеңесбай — 20 минутқа айыпталды.

«Ақтөбе» сапында тек Владимир Шлычковты төреші 14 минутқа алаңнан қуған.



prosports.kz