Алматыда ММА жекпе-жегінің кеші өтеді » Vesti.kz
Онда Бразилия, АҚШ, Канада, Кытай және тағы басқа елдерден келген 15 спортшы қатысады. Файткардқа айтулы екі жекпе-жек кірді. Аса жеңіл салмақта (57 келгіе дейін) Хуан Пуэрта (15-6) мен Қазыбек Әшімов (13-3) чемпиондық титулға таласатын болады. Сондай-ақ, октагонда Бейбіт Назаров (14-3) пен Мартин Браун (12-5) жеңіл салмақта (70,3 келіге дейін) уақытша чемпионды белбеуге таласады.
«Турнир барысында ресми түрде 11 кездесу өтеді. 19:00-де басталады. Мұнда Alеm Fighters клубының жас файтерлері өнер көрсетіп, Titan FC лигасына өтуге мүмкіндік алады. Ары қарай UFC лигасына. Себебі осы лигадағы спортшылардың 70 пайызы UFC ұйымымен келісімшартқа отырған», — деді турнирді ұйымдастырушы Ардақ Назаров.
Сондай-ақ, ол UFC лигасына Бейбіт Назаровтың өту мүмкіндігі жайлы айтты. Бейбіттің өзі ұйыммен келісімшартқа отыруы 90 пайыз деп жорамалдап отыр.
«Бұл кеш мен үшін өте маңызды, себебі жеңіске жеткен жағдайда UFC ұйымына кіруіме 90 пайыз мүмкіндік бар. Titan FC өкілдерімен қарым-қатынасымыз жақсы, олар да Қазақстанның дамушы ел екеніне көз жеткізді», — деді ММА екі дүркін чемпионы Бейбіт Назаров.
Қазыбек Әшімов те Бейбіт Назаров та үш дүркін ММА чемпионы Джей Зидің қол астында Alem Fighters клубында жаттығуда. Олар барлық қазақстандықтарды 21 желтоқсанда қолдау білдіруге шақырды.
Алматы әкімдігінің қолдауымен арала жекпе-жектен халықаралық Titan FC ұйымы мен Alem Fighters жекпе-жек клубы осы шараны ұйымдастырады.