Алматыда букмекерлік кеңседе болған сұмдықтың видеосы жарияланды

Алматының Әуезов ауданында орналасқан букмекерлік кеңсені тонағандар видеоға түсіп қалды. Интернетте жарияланған роликте үш ер адамның ғимаратқа кіріп келіп, екеуі күзетшіні таяқпен аяусыз ұрып-соққаны көрінеді.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Шұғыл тергеу тобы құрылып, қылмысты ашуға бағытталған жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.