Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар . Асыл сөз

0
170
Пән: Әдебиеттік оқуБөлім: ӨнерСынып: 3Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыАсыл сөз Оқу мақсаттары3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.Көпшілік оқушылар: Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайдыКейбір оқушылар: Вербалды емес тілдік құралдарды қолданадыБағалау критерийлері
  • Өлеңнен нақыл сөздерді табады
  • Қажетті ақпаратты суретпен байланыстырады
  • Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • Ойын нақыл сөзбен көркемдейді
  • Тірек сөздерКішіпейіл,әділетті,мейірімді, тілалғышҚұндылықтарды дарыту «Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіру, адамгершілік құндылықтарды сақтауПәнаралық байланыстарДүниетану, қазақ тіліАКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтаАлдыңғы білімді игеру Мәтінді мәнерлеп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпаратты табады

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет РесурстарСабақтың басы 1-4 минутШирату тапсырмасы«Шаттық шеңбері»Біз әдепті баламыз,Айтқан тілді аламыз.Үлкендерге жол беріп,Біз ақылды боламызТопқа бөлу: 1-топ Кішіпейіл2-топ Мейірімді3-топ Әділетті4-топ ТілалғышСабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.Қосымша 1

    Слайд №1-3

    Сабақтың ортасы

    520 минут

    2126 минут

    2732 минут

    33-36 минут

    Автормен танысуАбдырахман Асылбек1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.1-тапсырма (Ж,Т) «Галереяны шарлау» әдісі Оқушыларға өлеңнің бөліктері таратылады. Топтағы оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Өз бөліктеріне сай суреттерді таңдайды.Қабырғаға дайындалған суретер ілінеді. «Галереяға саяхат»-топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі. Топтағы оқушылар өз тақырыбына сай суреттерді таңдайды. Таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады. Сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.Саралау:Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.ҚБ «Смайликтер»

    2-тапсырма(Ө) Семантикалық картаӘрбір топқа семантикалық карта таратылады.

    Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.ҚБ «Қол шапалақтау»Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

    3-тапсырма(Т,Ұ) «Ой жалғау» әдісіМұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа – қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен 4-топқа көркем оймен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.

    ҚБ «Бір- бірін бағалау»Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

    4-тапсырма(Т ) «Бірге ойлаймыз» әдісіТоптардан 1-2 оқушыдан ортаға шығып отырады.Мәтінге байланысты сөздер беріледі. Басқа топтағы оқушылар сөзді ым-ишара арқылы көрстеді. Ортаға шыққан оқушы жасырынған сөзді тауып айтадыСаралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаныБір тілек-Жақсартуға болады

    Қосымша 2Слайд №4

    Оқулық 14-15 беттер

    Слайд №5

    Слайд№6Қосымша 4

    Қосымша 4

    Оқулық 13 бет

    Қосымша 5

    Сабақтың соңы37-40 минут(Ж) «Жетістік баспалдағы»«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. https://yandex.kz/images/search?p=3&text=Қосымша 6Слайд №7Өте жақсы түсіндімЖақсы түсіндімТүсіндімАздап түсіндімТүсінбедім Саралау 1-тапсырмаАқпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді2-тапсырмаОқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.3-тапсырмаҰсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды.4-тапсырмаБарлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.Бағалау«Смайликтер» әдісі«Қол шапалақтау» әдісі «Бір- бірін бағалау»әдісі«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

    Дескрипторберілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады;ажетті ақпаратты суретпен байланыстырадыөлеңнің жанрын анықтайдысөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыСыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайдыСабақ бойынша рефлексияСабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?