Әлемнің ең қымбат футболшысы Неймардың басымдығын мойындады » Vesti.kz

0
«Пари Сен-Жермен» және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб пен командадағы әріптестерінің деңгейін салыстырды және париждіктер сапындағы басты жұлдызды атады. 

«Франция құрамасы мен ПСЖ сапында бір ойыншыдаймын ба? Жоқ, клубта өзгешерек. Онда барлығынан асып түсетін футболшы бар — Неймар. Құрамада бәрі бір деңгейде. 

Алдағы жоспарларыма қатысты, Чемпиондар лигасы және Франциядағы барлық сыйды ПСЖ-мен бірге ұтқым келеді. Денім сау болып, екі жылдан кейін Еуропа чемпионы болғым келеді. Жеңіс, жеңіс және жеңіс — қалайтыным осы», — деп келтіреді Мбаппенің сөзін AS.

Осы маусымда 19 жастағы Мбаппе ПСЖ үшін 11 матчте 13 гол салды. Жазда ол Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. 

Жақында Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат футболшысы болды. Оның трансферлік құны 216,5 миллион еуроны құрады.