Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы » Vesti.kz

0
83
Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри twitter желісіндегі парақшасында әлемдегі ең көп жалақы алатын 10 футболшының тізімін жариялады. Спорт маманы рейтингті жеке зерттеуі бойынша түзіп шыққан.

Әлемде ең көп жалақы алатын футболшылардың көшін Лионель Месси бастап тұр. Оның жалақыдан табатын жылдық табысы 40 миллион еуроны құрайды екен.

Осы жазда «Реалдан» Туриннің «Ювентус» клубына ауысқан Криштиану Роналду да аз жалақы алмайды. Мадридтік клубтан кетуіне бір себеп болған бір фактор да осы жалақы мәселесі еді. Португалдық шабуылшы жаңа командасында жылына 31 миллион еуро алады.

Үздік үштікте Францияның ПСЖ клубында ойнайтын бразилиялық футболшы Неймар тұр. Оның жалақыдан алатын жылдық табысы – 30 миллион еуро.

Сондай-ақ ең көп жалақы алатын футболшылардың ондығына Андрес Иньеста (25 миллион еуро, «Виссел Кобе»), Оскар (24 миллион  еуро, «Шанхай Теллэйс»), Алексис Санчес (22,5 миллион еуро, «Манчестер Юнайтед»), Антуан Гризманн (20 миллион еуро, «Атлетико»), Халк (20 миллион еуро, «Шанхай СИПГ»), Хавьер Маскерано (19 миллион еуро, «Хэбэй Чайна Форчун») және  Габи (19 миллион еуро, «Аль-Садд») енген.

Айта кетейік, қараша айында Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялаған болатын. Бұл рейтинг бойынша қазіргі таңда ең бағалы футболшы – Килиан Мбаппе. Оның трансферлік құны 201,2 миллион еуроға бағаланған.