Каспийде браконьерлер құрған аудан екі бас итбалық құтқарылды

0
Итбалық
Фото: Тrend.az

Маңғыстау облысының табиғат инспекторлары браконьерлердің торына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Фото: ҚР АШМ ОШЖӘК баспасөз қызметі

Комитеттің мәліметінше, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейд өткізді. Нәтижесінде ұзындығы 300 метрдан асатын балық аулау торы табылып, торлардың бірінен 2 бас тірі итбалық табылды. Су жануарлары теңізге қайта жіберілді.

Браконьерлер құрған аудан бекіретұқымдас 14 бас балық та құтқарылды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!