Әлем чемпионы Ералиев Қазақстан біріншілігінің жүлдесіне ілікті » Vesti.kz

0
81
Әлем чемпионы Қайрат Ералиев ұлттық турнирдің жартылай финалына өтті. Осылайша, боксшы жүлдеге ілігіп тұр, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 28 жастағы Түркістан обысының боксшысы 18 жастағы астаналық Нұрсұлтан Исаханмен жұдырықтасты – 5.0.

Оның келесі қарсыласы Алматы өкілі Жандос Шерәли мен жамбылдық Жанболат Қыдырбаев жұбының жеңімпазы болады.

Мұның алдында 49 келіге дейінгі категориядағы жартылай финалға өткендер анықталды:

Теміртас Жүсүпов (Ақмола облысы) – Сабыр Жолаушиев (Павлодар облысы) – 5:0
Садай Фарзалиев (Шымкент) – Жомарт Ержан (Түркістан облысы) – 1:4
Жандос Несіпжан (Алматы облысы) – Дінмұхамед Ибрагимов (Манғыстау облысы) – 5:0
Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) – Шалқар Айқынбай (Шымкент) – 3:2

Жарыталй финал

Теміртас Жүсүпов – Жомарт Ержан
Жандос Несіпжан – Ермек Мәдиев

Айта кетейік, кеше 52 келіге дейін және 91 келіден астам салмақта жартылай финалға өткен боксшылар анықталған.