17-18 қараша күндері қайда баруға болады?

0

Хоккей матчы: “Алматы” – “Алтай Торпедо”

17-18 қараша күндері Halyk arena мұзайдынында “Алматы” және “Алтай Торпедо” хоккей командалары кездеседі. Бұл ойын ерлер командалары арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының ашық чемпионатына дайындық түрінде өтеді. Билет бағасы – 300 теңге.

Өтетін уақыты: 17-18 қараша, сағат 17.00.

Өтетін орны: Halyk arena, Құлжа тракты, 2д

Хоккей
Хоккей. Фото: Sports.kz

“Ақ түн қаласының қуыршақтары” интерактив көрмесі

Санкт-Петербург театрынан келген бұл интерактив көрме “Ресей гүлі” халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ұсынылатын авторлық қуыршақтар коллекциясы атақты спектальдердің кейіпкерлерінен құралған. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 17-18 қараша, сағат 14.00.

Өтетін орны: Н.И.Сац атындағы жасөспірімдер мен балалар театры, Шаляпин, 22.

"Ақ түн қаласының қуыршақтары" көрмесі
“Ақ түн қаласының қуыршақтары” көрмесі. Фото: Іnalmaty.kz

Book Crossing

Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен “451 градус” әдебиет клубы кезекті кітап алмасу шарасын ұсынады. Шараға қаланың кез келген тұрғыны тегін қатыса алады. Бағдарлама бойынша сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін ұйымдастырушылар келушілердің кітаптарын қабылдап, оларға ұтыс жасырылған билеттер береді. Сағат 14.00-де ұтыс ойынының жеңімпазы анықталады.

Өтетін уақыты: 18 қараша, сағат 12.00.

Өтетін орны: American space, Байзақов, 280.

Кітап алмасу
Кітап алмасу. Фото: Тverlife.ru

Балауыз мүсіндер көрмесі

Алматылықтар мен қала қонақтарының Санкт-Петербургтен келген балауыз мүсіндер көрмесіне баруға мүмкіндіктері бар. Бұл көрме қыркүйектің 27-інде ашылып, осы айдың соңына дейін жалғасады. Сондықтан осы демалыста сүйікті кинорежиссерлар мен тарихи тұлғаларды, шоу-бизнес жұлдыздары мен саясаткерлерді жақыннан тамашалап қайтыңыз. Билет бағасы – 500-1000 теңге.

Өтетін уақыты: 27.09-30.11 аралығында, күн сайын сағат 10.00-20.00.

Өтетін орны: “Спутник” сауда орталығы, 3-қабат, “Мамыр-1”, 8А

Балауыз мүсіндер көрмесі
Балауыз мүсіндер көрмесі. Фото: Sxodim.com

“Классикадан джазға дейін” концерті

Бұл концерт Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің осы жылғы бағдарламасы бойынша өтеді. Сенбі күнгі кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист Гүлжан Үзенбаева өнер көрсететін болады. Билет бағасы 1500 теңге.

Өтетін уақыты: 17 қараша, сағат 18.00.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов, 35.

Гүлжан Үзенбаева
Гүлжан Үзенбаева. Фото: Fil.kz

“Эрнест және Селестина: Тышқан мен аюдың оқиғасы” көрсетілімі

Балалар киноклубы осы жексенбіде “Эрнест және Селестина: Тышқан мен аюдың оқиғасы” фильмін көруге шақырады. Достық туралы бұл мультхикая 2012 жылы Францияда шыққан. Суретші тышқан мен музыкант аюдың оқиғасы кез келген бүлдіршінді қызықтырады. Ендеше отбасыңызбен бірге фильмді тамашалауға келіңіз. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 18 қараша, сағат 12.00.

Өтетін орны: “Цезарь” кинотеатры, Назарбаев, 50.

"Эрнест және Селестина" мультхикаясы
“Эрнест және Селестина” мультхикаясы. Фото: Тvigle.ru

“Музыкалық портреттер” концерті

Жамбыл атындағы филармония жексенбі күні “Музыкалық портреттер” концертіне шақырады. Концерттің негізгі өнер көрсетушісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері – Ғабит Несіпбаев. Билет бағасы 1200-1500 теңге.

Өтетін уақыты: 18 қараша, сағат 18.00-де.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов 35.

Ғабит Несіпбаев
Ғабит Несіпбаев. Фото: Fil.kz

 

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!