Айымбетов: Ойын біз ойлағандай болмады 

0

Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы турында «Ақтөбе» сапында «Астана» қақпасына гол соққан Абат Айымбетов ойынға қатысты пікір білдірді.

— Ойын біз ойлағандай болмады. Тез гол соққан соң қорғанысқа көбірек көңіл бөлдік. Екінші таймда есепті теңестіргіміз келген. Бұл чемпионаттың басы ғана. Алда бәрі жақсы болады деген ойдамын. Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін рахмет айтамын, — деді Айымбетов клубтың баспасөз қызметіне. 

Айта кетейік, «Астана Аренадағы» матчта «Ақтөбе» алаң иелерінен 1:4 есебімен ұтылған болатын. 



Дереккөз: prosports.kz/kz