2019 жылғы ӘЧ-дегі екінші ойында жастар құрамасы қақпасына 8 шайба өткізіп алды
Бұл турнирдегі екінші ойын болды. Америкалықтар қазақстандықтарды 8:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, АҚШ командасы алғашқы кезеңде-ақ жеңісті қамтамассыз ететін есеп ашып алған еді — 4.1.
Ойынның екінші минутында Оливер Вальстром есеп ашты, ал бірнеше секундтан кейін Андрей Буяльский есепті теңестірді, бұл шайба Қазақстанның турнирдегі алғашқы голы еді. Ары қарай жеті минут ішінде Джоэлю Фараби Қазақстан құрамасының қақпасына хет-трик жасады.
Екінші кезеңде америкалықтар қайтадан жеті минут ішінде Қазақстан құрамасына үш гол салды. Ал үшінші кезеңде соңғы шайбаны салып, есепті 8:1 етті.
Қазақстандықтар соңына дейін берілмей, шабуылдарын үдетіп отырды. Осылайша, 50-ші минутта Валерий Ореховтың пасын Дмитрий Митенков қарсыластар қақпасына дәл бағыттады.
Кездесудің үздік ойыншысы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Самат Данияр болды.
Статистикамен толықтай мына жерде танысуға болады.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/