Қазақстан ең арзан интернеті бар елдердің алғашқы бестігіне енді

0
Интернет
Фото: Тechtoday.in.ua

Қазақстан әлемдегі ең арзан ұялы байланыс интернеті бар елдердің алғашқы бестігіне енді.

Content Review ақпараттық-талдау агенттігі әлемнің 50 еліндегі мобильді интернет қызметі тарифтеріне жасалған зерттеудің нәтижесін жариялады. Зерттеу барысында 136 ұялы байланыс операторының тарифтік ұсыныстары талданып, интернеттің бір гигабайтының құны есептелген. Ең арзан мобильді интернет Румынияда болып шықты. Қазақстан үздік бестікке еніп отыр.

Ұялы байланыс интернеті ең арзан елдердің үздік ондығы:

  1. Румыния
  2. Польша
  3. Үндістан
  4. Қазақстан
  5. Мысыр
  6. Израиль
  7. Пәкістан
  8. Ресей
  9. Иран
  10. Алжир

Зерттеу барысында әр елдегі бірнеше ірі оператордың тарифтері есептеліп, гигабайт құнының орташа мәні шығарылған. Әлемнің бірнеше елінде ұялы байланыс интернетінің лимитсіз тарифі қолданылады, бірақ лимитсіз тарифте ең жоғары жылдамдықты интернеті бар трафик саны жағынан да, жылдамдық жағынан да шектеулер бар екені анықталды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz