Шымкенттің бюджеті 19,4 миллиард теңгеге ұлғайды

0

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Сессияда депутаттар қала бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдады. Нақтырақ айтар болсақ, Шымкент қаласының 2022 жылға арналған бюджетінің шығыс бөлігі 14 миллиард 400 миллион теңгеге ұлғайып, 488.4 миллиард теңге болып бекітілді.

Бюджетке енгізілген қосымша қаржы негізінен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылым мен инженерлік-коммуникациялық жүйелерді дамытуға, шаһардағы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге бағытталады.

Айта кетейік, сессия жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етті. Онда депутаттар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін өзге де мәселелерді қарап, шешім қабылдады. Атап айтқанда, жер учаскелерінің базалық ставкаларын белгілеу, бағалау төлемақысының коэффициенттерін бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы шешімдер қабылдадынды.

Мұнан бөлек депутаттар қала әкімдігінің салалық басқармаларының және құқық қорғау органдарының тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және қауіпсіздік мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Жиын соңында қала әкімі М.Әйтенов қортынды сөз сөйлеп, халық қалаулыларына қаланы дамыту бағытындағы бірлескен нәтижелі жұмысы және тиімді әрі маңызды шешімдер қабылдағаны үшін алғысын білдірді.