Актёр Асылхан Төлепов кіші ұлынан айырылып қалғанын хабарлады

0

Актер Асылхан Төлепов кіші ұлынан айырылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Қош бол құлыным деп жазу, қандай қиын… Жүрегім, батырым менің! Балам, қысқа ғана өміріңде көп нәрсені түсіндіріп кеттің… Сені құшақтап, сүйсем ғой… Қоштасып та үлгермедім… Не істейін? Не айтайын?.. Кішкентай ғана құлыншағым! Қолымыздан келгеннің барлығын жасадық…

Алла беруші, Алла алушы…

Аханым-аау»,-деп жазды актёр

Kznews.kz сайты актёрге, оның жұбайына, ата-анасына қайғырып көңіл айтады!

Ата-ананы баласымен сынамасын!..

(Фото әлеуметтік желіден алынды)