Биыл 500 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі
Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.
Сертфикат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып алу барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде 1 млн теңге беріледі.
Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.
2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғын сертификаты өтеусіз көмек ретінде үлестіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан.
Осы жылға арналған тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау әлі басталмады. Алдын-ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады.
Айта кетерлігі, «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс.