«Жылай береді»: Күйеуі Альбина Шардарованың қандай келін екінін айтты

1

Жақында ғана отбасын құрған өнерлі жұп Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова соңғы кездері БАҚ өкілдеріне жиі сұхбат беріп жүр. Бұған дейін тойға ескі кастюм кигенін түсіндірген актер бұл жолы Астана телеарнасының журналисіне жарының қандай келін екенін айтып берді деп жазады sn.kz.

«Келін − ененің топырағынан жаратылған» демекші күйеуі Альбинаның мінезін анасына ұқсатады екен.

«Екеуі де сезімтал. Сәл бір нәрсені қатты айтсаң жылайды екеуі де. Бір жерге баратын болдық. Асығып жүрмін. Бол енді тез дедім. Бір қарасам көзі жасаурап тұр. Анам да сондай», − дейді Сатов.

Шардароваға орамал тақпауға, сәлем салмауға енесінің өзі рұқсатын беріпті. Сол үшін де күйеуімен қалаған уақытында қыдырып, еркін жүре береді екен.

Еске сала кетейік, тамыз айының басында Сатов пен Шардарова отбасын құрып, жұртты біраз шулатқан еді. Кейін актердің келіншегі не үшін ажырасқанын мәлімдеген.