Желіде «Матрица: қайта тірілу» фильмінің трейлері шықты (Видео)

YouTube-тің Warner Bros ресми каналында The Matrix Resurrections франчайзингінің төртінші бөлімінің бірінші трейлері шықты.
Фильмде басты рөлдерді франшизаның алдыңғы бөлімдерінде ойнаған Киану Ривз, Кэрри-Энн Мосс, Джада Пинкетт Смит ойнады.
Режиссері – Лана Вачовски. Премьера 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Фильмде Нил Патрик Харрис, Приянка Чопра Джонас, Джессика Хенвик, Кристина Риччи сияқты танымал актерлерді көре аласыздар.
Бұған дейін «Матрица: қайта тірілу» фильмінің тизері көрерменге жол тартқан еді.