Шәріпбаев президентпен кездескеннен кейін өз адамын министр етті ме?

0
511

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Ақорданың ресми сайты бүгін Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығын жариялады. Онда былай делінген: «Брекешев Серікқали Аманғалиұлы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын».

Ал NEGE.KZ сайты кейбір дереккөздерге сүйене отырып С.Брекешев 2015 жылдан бері «ҚазТрансГаз» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарып келгенін жазады. Өткен жылы вице-министр болып тағайындалды. «ҚазТрансГазды» 2014 жылдан бері Қайрат Шәріпбаев басқарады. Ал Шәріпбаевтың кім екенін көпшілік жақсы білсе керек.

Қ.Шәріпбаев кеше ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болған. Бұл тағайындауды осымен байланыстыратындар бар.