Жанар Дұғалова тұрмысқа шықпақ

0

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, жағымды жаңалығын бөлісті.

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.

Тимур Балымбетов әншіден «Тұрмысқа шығатының рас па» деген сұрақ қойды.

«Иә, рас», — деп жауап қайтарды Дұғалова.

Сондай-ақ, актрисаның менеджері Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растады.

«Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді», — деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан.

Желі қолданушылар әншінің жаңалығына қуанып, пікір қалдырған.

«Құтты болсын!» «Бақытты болсын, Жанар!» «Жаным, Жанар! Бақытты болсын», «Жұбымен бақытты болсын», «Жарайсың Жанар. Бәріне лайықсың», — деп жазған олар.