Жанар Айжанованың қызы енесімен сыйыспай күйеуімен ажырасып кеткенін айтты
Елімізге белгілі әнші, актриса Жанар Айжанова жиенді болды. Бұл туралы әншінің қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің ресми парақшасында жариялады.
Айжұлдызд перзентханадан жалғыз шықты. Осындай қиын-қыстау және қуанышты сәтте жанында күйеуі Қыран болмады. Бұл көпшілікті терең ойға қалдырған еді. Айжұлдыз осы сұраққа нүкте қойды.
«4 айлық қорқынышты токсикоз. Қауіп-қатер. 9 айда 2 ота. Бұл мен үшін оңай болған жоқ, бірақ мен оны жеңіп шықтым.
Жарық дүниеге қош келдің, менің кішкентай Назарым.
Мен сені шын жүректен күттім. Ия, 9 ай ішінде сіздер «Қыран қайда?» деп сұрадыңыздар. Біз баяғыда ажырасып кеттік.
Мен жеке өмірімді қызу талқыламаймын. Мен құрбан емеспін. Бірақ мен әлі де бір нәрсе айтамын — және маған Келін-Ене тақырыбы әсер етті.
Менің ойымша, бұл жерде бәрі түсінікті. Өткенге алғыс айтамыз, бірақ біз алға жылжудамыз» — деп жазды Айжұлдыз парақшасында.
Сонымен қатар, ол Стористерінде «Келін деген құл емес. Қазір 21 ғасыр» деп пост салды. Осыдан-ақ оның келіндік өмірге дайын болмағанын бағамдауға болады. Ол ажырасуымызға «Келін-Ене» тақырыбы әсер етті» деп пост салғанына қарап, оның енесімен тіл табыса алмағанын аңғаруға болады.