Сәбит Әбдіқалықов: Бес баламның алдында кінәлімін, кешірім сұраймын
Сәбит Әбдіхалықов бірінші рет отбасындағы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Ол өзінің тұңғышына берген сұхбатында алты баласының барына риза екенін және олардың барлығын бірдей жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
“Мен әке ретінде барлық балаларымнан кешірім сұраймын. Мен Асылжаннан, төрт қызымнан олармен бірге тұра алмағаным үшін кешірім сұраймын. Маған Алла қанша өмір беретінін білмеймін. Мен бірақ қазіргі алты балам үшін өмір сүремін. Солардың жақсы өмір сүруіне барымды саламын, соларға жағдай жасау үшін жұмыс істеймін.
Барлық баламды бірдей жақсы көремін әрі шын жақсы көремін. Олардың аналарымен болған арадағы түсінбестік ол ата-ана ретінде біздің қателігіміз. Біздің тағдырымыз. Оған балалардың еш кінәсі жоқ. Әр балам дүниеге келгенде барлығына бірдей қуандым. Ұл-қыз деп бөлмеймін”, — деді Сәбит Әбдіхалық ұлы Асылжанға берген сұхбатында.
Танымал актер Сәбит Әбдіхалық тұңғышы Асылжан дүниеге келгенде қалай қуанғанын есіне түсіре алмады. Ойдан құрастырып, асыра сілтегісі келмейтінін де ашық айтқан актер, ол кезде жас болғанын, өзі бала болғанын айтты.