«Қара магиямен оқытыпты»: Сиви Махмұди өзін әлдекімдер дуалап, өлім аузынан қалғанын айтты

0
3525

Сиви Махмұди сырын айтам деп шынын айтты. Әнші бір кездері дуаға түсіп, өлім аузынан қалғанын айтады. Осыдан он жыл бұрын әлдекімдер дуалап кетті деп сендірді. 

Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарламасында айтылды.

«Бұл осыдан тоғыз-он жылдай бұрын болды. Мен 2012 жылдары еді. Менің 25-26 жастағы кезім. Қан қысымым ойнап, түсініксіз ауруға шалдықтым. Еңсемді көтере алмадым. Біреулер көз тиген деді. Біреулер оқытқан деді. Оның бәрі болды. Мен оған дейін Құран сүрелерін білмейтін едім. Қазақылық емге сенбейтін едім. Бірақ дәрігерлер дертімнің емін таба алмады. Сондықтан құлшылық етіп, сүре оқып, жылап тұрып Алладан шипа тіледім», – деді Сиви.

Айтуынша, шетел асып Кореяға емделіп көрген. Алайда мықты деген мамандардың өзі дертінің диагнозын қоя алмаған.

«Ақыры қазақылық емге жүгіндім. Емшілерге сенбеймін. Аллаға серік қосқым келмейді. Алладан аян берші деп сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде суреттерім орыстардың зиратында шашылып жатыр. Қасында крестер жатыр. Содан бұл аян шығар деп ұқтым. Орыстардың қара магиясымен дуаланған шығармын деп ойладым. Кімдер дуалағанын білмеймін. Солайша қырық күн бойы емшіге барып, тазаланып, қазір сауығып кеттім. Содан бері ауырған емеспін», – деді ол.

Әнші өнер адамдарының бәрінің бойында бір қасиет болады дейді. Сондықтан дуа болмаса да, адамның өз қасиеті бойын қысып, ауруға шалдықтыруы мүмкін.

«Өнер адамының бәрінде қасиет болады. Олар тегін адам емес. Сондықтан қасиеті, иесі қысып, арқасы қозуы мүмкін», – деді ол.