Қайрат Нұртастың анасы шындыққа айналған қиялы туралы айтып берді

0

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында шындыққа айналған қиялы туралы айтып берді.

«Бір кездері, “Осы баласы әнші болып, бір звезда болатындай” деген мысқыл әңгімелерді естігенімде, түнімен ұйықтамадым. Жан- жағыма мән беріп қарасам таң сәр беріп атыпты.

Үнсіз жатырмын бірақ көзімнен жас домалай берген, қиялдап жатып жастығым әбден суланып кетіпті. Көз алдымда үлкен стадион, жарқ-жұрқ еткен әдемі жанған шамдар, балам болса сахнада, өзінің ғана жеке ән-кешінде ән салып тұр, үстіндегі киімі жарқыраған тастармен көмкерілген, ал халық тола, ине шаншар жер жоқ.

Міне тура осы көріністер… » деп жазды Қайраттың анасы.