«Осындай арсыз әкені көрмедім»: Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұлов туралы айтты

0

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы жары Дәурен Айдарқұлов туралы ашулы жазба жариялады. Әнші Айдарқұловтың нашар әке екенін айта отырып, оның мүлде жауапсыз екенін жеткізді.

Ақбота Инстаграмдағы Stories бөліміне Дәурен Айдарқұлов туралы жазды. 

«Осындай арсыз әкені көрмедім. Өз балаларын іздемейді де, денсаулығына алаңдамайды да. Бүгін мен де, балаларым да ауырып, мазамыз болмай тұр. Әкесі балаларды ауруханаға апару керек болған. Ауруханаға апармақ түгілі жағдайына алаңдамайды да. Кімнің кім екенін Алла көріп тұр. Көп нәрсе айтуға болар еді», — деп жазды Ақбота.

 

Алайда көп уақыт өтпестен Ақбота бұл жазбасын өшіріп тастады.

Желі қолданушылары суретке түсіріп үлгергендіктен жазба көпшілікке тез тарап кетті.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын жұлдызды жұп ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген еді. Әншінің айтуынша, шектен тыс қызғаныш отбасының ойран болуына себепші болған. Ал Айдарқұлов Ақботаны әлі де жақсы көретінін, оны ұмыта алмай жүргенін жеткізді.