Нағима Есентаеваның түрмедегі ағасына арнаған жазбасы талқыға түсті

0

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуінің қарындасы Нағима Есентаева Instagram парақшасында ағасы Бақытбек Есентаевқа арналған өлең шумақтарын жариялады.

Нағима Есентаева өзінің Instagram парақшасында ағасының суретін салып, астына астарлы өлең шумақтарын жазған.

Бұл пост көпшілік назарын аударып, қолданушылар арасындағы үлкен дауға ұласып кеткен.

«Алланың сынағынан аман-есен өтіңіздер. Алла қайырын берсін. Қазір Сіздер қиналғанмен, кейін олар қиналуы мүмкін. Құдай бәрін әлдеқашан есептеп қойған. Алла сабыр берсін» ,»Нағима ханым, өте дурыс жазылған терме екен, оқып жылағым келді. Ағаңыз аман-есен орталарыңызға оралсын», «Есентаев — азаматсың!», — деген пікірлер жазылса, енді біреулері Баянды қорғап шыққан.

«Баянның көзге шөп салғанмен оны соққыға жығуға қақы жоқ! Біз Араб елдерінде немесе басқа жақта емес, Қазақстанда тұрамыз. Жарайды, ұрсын, бірақ пышақтағаны болмайды! Бұл адамның ақыл-есі дұрыс емес екендігін көрсетеді»,

«Ағаңыз қылмыс жасады, бірақ сол сәтте оның қызбалыққа салынып кеткені 100%. Өзі ессіз сүйетін әйелінің көзіне шөп салғандығын білу үлкен бір соққы болды! Бірге сонша жыл өмір сүріп, екі бала тәрбиелеп отырған ол, оның адалдығына күмән келтірмейтін» — деп жазды қолданушылар.